Павлодарда 32 мың кг алюминий ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

04.11.2020

Жамбылда алтын іздегендер көбейсе, Павлодарда полиция 32 мың келі алюминийді жымқырмақ болған ұрыларды қылмыс үстінде қолға түсірді. Қылмыстық топ біраз уақыттан бері пойыздардың ашық вагонына тиелген жүктерді тонауды кәсіп қылған. Бұлтартпас айғақ болғандықтан олар кінәсін бірден мойындады. Тауардың жалпы құны 40 млн теңгеден асады. Ұсталған 5 адамның төртеуі темір жол күзетінің қызметкерлері болып шықты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Болат Аманбаев


Павлодар алюминий қылмыс ұры

Хабарламаларға жазылу