Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған адам тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған адам тіркелді

04.11.2020
Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған адам тіркелді

Қазақстанда алғаш рет қайтадан коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова айтты, деп хабарлайды аймақтық басылымдар.  

«Батыс Қазақстан облысында алғаш рет коронавирусты қайта жұқтыру дерегі  тіркелді. Бірінші рет ол әйел пандемияның басында, яғни сәуірде коронавирус жұқтырған болатын. Екінші рет вирус тамыз айында анықталған. Екі жағдайда да науқас ауруханада емделді», - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, күні бүгінге дейін облыста 7064 адамнан коронавирус табылса, соның 6846-сы емделіп шықты. 121 адам көз жұмды. Коронавирус жұқтырғандар арасында 4 жүкті әйел бар. 

Сондай-ақ індет оқушылардан да анықталған. 12 баланың төртеуі қыркүйекте, қалған 8-і қазан айында отбасы мүшелерінен жұқтырған. Оның бесеуі жазылып шықты.





короанвирус

Хабарламаларға жазылу