Ертең Америка халқы 46-шы президентін таңдайды
Ертең Америка жұрты 46-шы президентін таңдайды. Дональд Трамп тағы 4 жылға Ақ үйде қалады ма, әлде демократ Джо Байденнің мүмкіндігі басым ба? Дәл қазір, Америкадағы арнайы тілшіміз Әлия Әшіммен байланысқа шығып баяндайды.
Әлия Әшім:- Қазір Америкада таңғы 6-ның шамасы. Сайлау учаскелері бірнеше сағаттан соң ғана ашылады. Бірақ осы жылы жұрттың белсенділігі өте жоғары. 97 миллионнан астам америкалық алдын ала дауыс беріп үлгерген. 62 миллиондайы пошта арқылы, қалған 35 миллион адам сайлау учаскелеріне барып өз таңдауын жасаған. Бұл сайлаушылардың жартысына жуығы, Америка үшін рекордтық көрсеткіш.Байден жыл басынан бері Трамптан 9-10% алда келе жатыр. Бірақ демократтар Трамп ұтылса, сайлау нәтижесін қабылдамай, сотқа береді ме деп қауіптенеді. Бұл жағдайда шешімді жоғарғы сот шығарады. Ал жоғары соттың көбі республикашылдар. Жағдай ушыға түссе, екі тарап жақтастары көшеге шығып тағы жаппай тәртіпсіздік орын алуы ғажап емес. Сондықтан қаладағы ірі дүкендер, сауда орталықтары мен мейрамханалар есіктерін бекітіп, алдын ала сақтанып жатыр.
Әлия Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21