9 қарашадан бастап Петропавл қаласына блок-бекеттер қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 қарашадан бастап Петропавл қаласына блок-бекеттер қойылады

03.11.2020

Қарашаның 9-ынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында карантин талаптары күшейеді. Петропавл қаласын айнала блок-бекеттер орнатылады. Сондай-ақ, күн сайын науқастар саны 10-нан асқан елді мекендерге кіріп-шығуға да шектеу қойылып, санитарлық бекеттер қойылады. Петропавл-Алматы бағытындағы пойыздар жетеуден үшке қысқарды.  

Сонымен қатар, облыс аумағында пойыздардың аялдауына тыйым салынады және ұшақпен қатынайтындарға ПТР анықтамасының болуы міндеттеледі. Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жергілікті билікке жағдайды бақылауға алуды тапсырды.

Осыған орай, Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында мониторингтік топтың жұмысы күшейтіледі. Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда үйлері мен дүкендер сағат 10-нан кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Ал, демалыс күндері азық-түліктік емес сауда орындары мен спорттық нысандар жабық болады. Ералы Тоғжанов елдің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген жас медицина қызметкерлерімен кездесіп, 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық аурухананың ашылуына қатысты.

Сағындық Сәбитұлы 


Петропавл блок-бекет карантин

Хабарламаларға жазылу