Шығыс Қазақстанда теміржол қатынасына шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда теміржол қатынасына шектеу қойылды

03.11.2020

Шығыс Қазақстанға қатынайтын әуе рейстері мен теміржол қатынастарына әзірге шектеу болмайды. Тек саны азаяды. Эпидахуал қазіргіден екі есеге өсіп кетсе ғана тасымал толық тоқтайды. Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов ондай жағдайда автобустардың да қозғалысына тыйым салынатынын айтты.  

Павлодар - Алматы-2 бағытымен жүретін жолаушылар пойызы Дегелең, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай станцияларына тоқтамайды. Осы станциялардан билет сатуға да тыйым салынған. 

Сондай-ақ, Алматы-2 - Өскемен-1 және Нұр-Сұлтан - Өскемен-1 бағыты бойынша жүретін пойыздардың жиілігі де азайтылған. Шығыс Қазақстанда пойызға отыру үшін ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама болуы шарт. Жүруі шектелген бағыт бойынша билет алған жолаушылар құнын толық көлемде қайтарып алады.

Асима Нұрбайқызы  


Шығыс Қазақстан теміржол шектеу

Хабарламаларға жазылу