Көкшетауда 7-ші қарашадан бастап санитарлық бекеттер қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 7-ші қарашадан бастап санитарлық бекеттер қойылады

03.11.2020

Көкшетаудан шығатын 6 бағытта 7-ші қарашадан бастап санитарлық бекеттер қойылады. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сай қалаға кіріп-шыққандар тексеріледі, есепке алынады. Сондай-ақ, облыс бойынша карантиндік шаралар күшейтіледі. Тұрғындарға аса қажеттілігі болмаса, сағат кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін көшеге шығуға болмайды. Мекемелердің жұмыс уақыты кешкі 7-ге дейін ғана. Тек азық-түлік дүкендеріне 8-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. 

Айнагүл Мусина, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы: 
-Санитарлық бекеттер арқылы тұрғындардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік аламыз. Ол жерде адамдар тіркеледі және дене қызуы тексеріледі. COVID-19 қосымшасы арқылы науқаспен байланыста болғандардың немесе карантиндегі азаматтардың қозғалысына жол бермейміз. Жағдайдың әрі қарай қалай өрбитіндігі өзімізге байланысты. Сондықтан тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын.    

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында үш жасар балдырғаннан коронавирус анықталды. Кішкентай баланың кеселді жұқтырғаны операция алдындағы жоспарлы тексеріс кезінде белгілі болды. Оған дейін бүлдіршін балабақшаның кезекші тобына барып жүрген. Осыған орай мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылып, балалар мен тәрбиешілерден тест алынды. Әзірге қорытындысы шыққан жоқ.   

Ермек Елберген


Көкшетау санитарлық бекет

Хабарламаларға жазылу