Жітіқарада кен орнындағы зиянды қалдықтар өзенге құйылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жітіқарада кен орнындағы зиянды қалдықтар өзенге құйылуда

02.11.2020

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында ескі кен орнындағы зиянды қалдықтар өзенге құйылып жатыр. Алпыс жыл бұрын осы жерден алтын кені өндірілген. Сол уақытта өндіріске сынап, аммиак тәрізді химиялық қоспалар пайдаланылған. Ал шахталар жабылғасын қауіпті қалдықтар саз және құммен ғана көмілген. Уақыт өте келе әлсіз қорғаныш қабаты бұзылып, зиянды қалдықтар жерасты суына араласқан. Одан қалды ағын судан пайда болған жылғаларды жағалап Шортанды өзеніне құйылады. Ал бұл өзеннің суын жұрт бау-бақша суарып, басқа да техникалық мақсаттарға пайдаланып жүр. Себебі өзенге жақын тұрған ескі қалада орталықтандырылған су желісі жоқ.   

Маусымжан Мыңжасарова, Жітіқара қаласының тұрғыны:  
-Осы жарықтан көктемде қар ерігенде бәрі де ағады осылай жорғалап-жорғалап. Мына үйлердің артында өзен. Зиянды нәрселердің бәрі сонда ағады. Бұл өте зиянды адамдарға, денсаулыққа.
Абай Ыбыраев, Жітіқара ауданының әкімі: 
-Бұл өте күрделі мәселе. Алдымен жұмысты нақты неден бастайтынымызды анықтап алуымыз керек. Ол үшін экологиялық сараптама жасалуы тиіс. Зиянды заттарды көмген қорғаныш қабатын қайта бекітеміз бе, әлде оны арнайы орындарға тасимыз ба? Мұның бәрі сол сараптамадан соң нақты шешілуі тиіс.

  Дәуренбек Әбдібек 


Жітіқара кен орны зиянды қалдықтар

Хабарламаларға жазылу