Қызылордада кинотеатр билеті қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада кинотеатр билеті қымбаттады

02.11.2020

Қызылордада бүгіннен бастап карантиндік шектеулер біршама жұмсарды. Аймақта 30 адамнан асырмай, санитарлық талаптарды сақтай отырып спорттық оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілді. Дегенмен, үлкен экраннан кино көру үшін қатаң талаптар қойылған. Кинозалдардың толымдылығы 30 пайыздан аспау керек. Әрі көрермендер бір-бірінен алшақ отырып, арақашықтықты сақтауы тиіс. Кинотеатрлар күндіз 9-дан кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Әр сеанстан кейін кинозалдарға санитарлық-дезинфекциялық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, кинотеатрлардағы шектеулер билет бағасының өсуіне әсер етіп отыр.   

Аруна Рахметова, кинотеатр әкімшісі:  
-145 орын болатын болса, біз қазір 30-40 адам ғана кіргізе аламыз. Соған байланысты билет құнын қымбаттаттық.  

Әділбек Серікұлы 


Қызылорда кинотеатр билет

Хабарламаларға жазылу