ҚР СІМ: Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ: Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

29.06.2016
ҚР СІМ: Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандар мен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы  Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Қазіргі таңда, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстанның Бас консулдығы ақпаратты анықтап жатыр. Қосымша мәліметтер хабарланады», - деді телефон бойынша Ә.Жайнақов.

Хабарламаларға жазылу