Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз тас жолында жол-көлік оқиғалары 35 % артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз тас жолында жол-көлік оқиғалары 35 % артқан

29.10.2020

Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз тас жолының сапасы сын көтермейді. Бір жыл ішінде бұл бағытта жол-көлік оқиғалары 35 пайызға артқан. Жолаушылардың 15 проценті қаза тапқан. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында айтылды. Жалпы, Ақтөбе облысында 518 шақырым жол жөндеуді қажет етеді. Осы ретте «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 30 жоба жүзеге асырылуы тиіс. Республикалық маңызы бар жолды жөндеуге қатысты тапсырманы Мемлекет басшысы берген еді. Бұл ретте депуттар тапсырманың орындалмай жатқанына, қайғылы оқиғалардың көбейгеніне алаңдаулы. 

Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Үкімет қаржы табу көздерін анықтап, жолды жөндеу бойынша жобаны уақытылы аяқтау керек. Жол тезірек жөнделсе, өңірдің транзиттік әлеуеті жақсарады, қосымша жұмыс орындары ашылады, тауар айналымы артады. Үкімет осы мәселеге назар аударса екен дейміз. 

Фариза Мұсақызы

тас жол жол-көлік оқиғалары Қандыағаш Шалқар Ырғыз

Хабарламаларға жазылу