АҚШ-тағы президенттік сайлау: 74 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы президенттік сайлау: 74 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді

29.10.2020

Америкада 74 миллионнан астам адам президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерді. Жергілікті электорат соңғы бір ғасырдан астам уақытта мұнша белсенділік көрсетпеген екен. Осылайша, азаматтар бір жағынан Трамп-Байден бәсекесіне үлкен қызығушылық танытып отырса, екіншіден, кандидат таңдарда пошта қызметіне жүгініп, қыс жақындағанда бастарын коронавирус қаупіне тіккісі келмейтіндерін білдіріп отыр.

Президент Дональд Трамп Висконсин, Мичиган, Небраска штаттарына сапар шегіп, демократиялық қарсыласын жамандап, ол жеңсе Американың Бейжіңнің бақылауына өтетінін ескертті. Ал, Джо Байден сәрсенбі күні Делавар штатындағы туған қаласы Вилмингтонда жұбайымен бірге дауыс беріп, Трамптың вируспен күресін қатаң сынға алды. 

Айта кетсек, жыл басынан бері жүргізілген сауалнамалардың көбінде демократ-кандидат озып келеді. Оны қолдаушылар кейінгі кездері 50 пайыздан асып, президентті жақтаушылардан шамамен 9-10 пайызға көп болып отыр.

Дегенмен АҚШ-та сайлау нәтижесін тура болжау қиын. 

Мәселен, 2016 жылы Хиллари Клинтон сауалнамаларда алда жүріп, сайлауда жеңіліске ұшырағаны белгілі.

Арыстан Рысбек

ақш президенттік сайлау Дональд Трамп сайлау

Хабарламаларға жазылу