Тоқаев «Самұрық-Қазынаны» инвестициялық холдинге айналдыру тұжырымдамасымен танысты

28.10.2020
Тоқаев «Самұрық-Қазынаны» инвестициялық холдинге айналдыру тұжырымдамасымен танысты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Ахметжан Есімовтің мәліметінше, тоғыз айда Қорға қарасты компаниялар тобының  таза табыс жоспарланған 167 млрд теңгеден 2,6 есеге асып, 436 млрд теңгеге жеткен. Жалғыз акционері Үкіметке 120 млрд теңге дивиденд төлеген, - деп хабарлайды Ақорда. 

«Самұрық-Қазына» басшысы Қор сатып алулар жүйесі арқылы ел экономикасын қолдауға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қордың сатып алулар жүйесіндегі жергілікті өнімнің үлесі 66% құрады. Бәсекелестік ортаға 819 млрд теңгеге тең сатып алу шыққан. Бизнестің 17 000 субъектісі Қордың сатып алуларына қатысуға мүмкіндік алған.  2020 жылдың басынан бері компаниялар тобы 2,4 трлн теңгеге отандық бизнеспен шарт жасасып, жергілікті кәсіпорындарға 12 мың тапсырыс берген. Аталған кәсіпорындарда 280 мың адам жұмыс істейді. Есеп бойынша мемлекеттік бюджетке 170 млрд теңге көлемінде салық төлемдері түсуі тиіс», - деп жазған Ақорда сайты. 

Сонымен қатар, Басқарма басшысы Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт ТоқаевқаҚорды инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасын ұсынған. Есімов жалпы, Қорды инвестициялық холдингке айналдырудың артықшылықтары туралы айтты. Оның сөзінше, бұл портфельді активтердің географиясын және салалар бойынша әртараптандыруға, халықаралық инвестициялардан түсетін табысын арттыруға, дивидендтердің есебінен бюджет түсетін қаражатты арттыруға мүмкіндік береді. 


 

Тоқаев Президент Самұрық-Қазына Қор

Хабарламаларға жазылу