Қандастарымызды баспанамен қамту үшін биыл 688 үйдің құрылысы жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандастарымызды баспанамен қамту үшін биыл 688 үйдің құрылысы жүріп жатыр

27.10.2020

2009 жылы Ақмола облысында қандастар үшін салынған 138 сапасыз үйдің мәселесі Үкімет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік комиссияда қаралады. Жиында жерді заңдастыру мен баспаналарды жалға немесе жеке меншікке беру бойынша ұсыныстар қаралып, заң шеңберінде шешім шығарылады. Бұл туралы «Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссия отырысында мәлім болды. Еске салсақ, Красный Яр ауылындағы баспаналар құрылысында «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында қазынадан 1,5 млрд теңге бөлінген. Алайда, үйлердің сапасы сын көтермейді. Талай жылдан көтеріліп келе жатқан мәселе әлі шешімін таппады. 

Малғаждар Тәткеев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:
-Бұл жерде шешетін ең бірінші шыққан қаражаттарды қалай бөлеміз. Екіншіден жер мәселесі. 

Шетелдерден көшіп келген қандастарымызды баспанамен қамту Солтүстікте ширап келеді. Мәселен, былтыр аймақта 428 үй салынып, 76 отбасы баспаналы болды. Биыл тағы 688 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Баспаналар 20 жылға жалға беріледі. 5 жылдан кейін тұрғын үйлерді сатып алу құқығына ие болады. Жуырда Президент ішкі мигранттарды ынталандыруға қатысты нақты тасырма берген болатын. Солтүстік аймақтарға көшкендерге төленетін жәрдемақы екі есе артады. 

Дарын Сағитов



Хабарламаларға жазылу