Еліміздің бірнеше қаласында кинотеатрлар ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше қаласында кинотеатрлар ашылды

26.10.2020

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар әзірге ашылмайды. Себебі, соңғы төрт күннің ішінде вирус жұқтырғандар саны артып отыр. 

Ал, Алматы қаласының бас санитар дәрігері кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берді. Олар бүгіннен бастап InfoKazakhstan.kz сайтына тіркеліп, дайындықтарын пысықтауы тиіс. Сондай-ақ Атырау мен Ақтау қаласының тұрғындарына фильм тамашалауға мүмкіндік берілді. Онда да санитарлық – эпидемиологиялық нормалар мен талаптар қатаң сақталып, залдың 30 пайызында ғана көрермен отыруы тиіс. 

 Мәселен, Ақтау қаласында 4 кинотеатр бар. Бүгін соның екеуі жұмысын бастады. Оларда санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталған. Арақашықтықты көрсететін белгілер мен антисептиктер қойылған. 

Жұлдыз Сарманова, көрермен: 
-Санитарлық нормалардың бәрі сақталды. Бәрі жақсы өте, кинонысағынып қалыппыз. 

Түркістан облысындағы кинотеатрларға да санитарлық-дезинфекциялық талаптың бәрін сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етілді. Алайда Түркістандағы кинотеатрлар әзірге жабық.

Аягөз Оралбайқызы


кинотеатр кино қала

Хабарламаларға жазылу