Еуропа елдерінде карантин күшейді

26.10.2020

Еуропа елдерінде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 460 мыңнан астам адам тіркелді. Соның ішінде 52 мыңдайы Францияға тиесілі. Жалпы елдегі науқастар саны миллионнан асты. Бұл – Қарт Құрлықтағы Испаниядан кейінгі екінші жоғары көрсеткіш. Бірнеше қаланың ауруханаларында орын жетіспеушілігі байқалады. 

Испания билігі инфекцияның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Ол келесі жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Сонымен қатар кей өңірлерде түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіліп, көше қозғалысына тыйым салынып отыр.  

Италияда да шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. Бүгіннен бастап елде фитнес-клубтар мен кинотеатрлар жабылып, мейрамханаларға кешкі алтыға дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. 

Айта кетсек, Италия індет өлім-жітімі бойынша Еуропада Британиядан кейінгі екінші орында тұр.

Жансая Қапасқызы

Еуропа карантин Италия Испания

Хабарламаларға жазылу