Қазақстанды астрономия саласында әлем таныды - Ш.Омаров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанды астрономия саласында әлем таныды - Ш.Омаров

23.06.2016
Қазақстанды астрономия саласында әлем таныды - Ш.Омаров

Алматыда Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ғарышқа алғашқы адам ұшқанына 55 жыл толуы қарсаңында «Ұлттық ғарыштық зерттеу және технология орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) Тянь-Шань биік таулы астрономиялық обсерватория мен «Орбита» радио полигонының жұмысымен таныстыруды ұйымдастырды.

«ҰҒЗТО» АҚ ғарыштық зерттеу және технология саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметпен айналысатын жетекші институттарды біріктіреді.

Бүгінде орталық құрамына В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт, Ионосфера институты, Ғарыш теххникасы және технология институты, Жерді қашықтан зондтау департаменті, ғарыштық материал және аспап жасау департаменті, «Ғылыми-білім беру орталығы» зертханасы кіреді.

«Бүгінде біз Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы мен «Орбита» радио полигонындамыз - бұл бүгінде әлемдік ғылыми қоғамдастыққа интеграциялануға, оның ішінде Қазғарыш үшін ғылыми бағдарламаны орындауға ықпал ететін екі бірегей база. Қазақстанда бүгінде жақсы жұмыс істейтін 4 серік бар. Ғарыш қоқысымен және басқа да нысандармен соқтығысу орын алмас үшін біз телескоптан бақылау жүргізуіміз қажет», - деп атап өтті Қазғарыш Ұлттық ғарыштық зерттеу және технология орталығының президенті Шыңғыс Омаров.

Сондай-ақ Ш. Омаров обсерваторияның географиялық бірегейлігі жайлы айтты.

«Бұл обсерватория географиялық жағынан бірегей. Ол Еуропа мен Америка арасындағы «аралықты» толтырады. Бұл жерден біз әлемде бірде-бір ел бақылай алмайтын, әлемде бірде-бір ел осы обсерватория сияқты деректер бере алмайтын бақылауды байқаймыз. Бізде күн сайын қашықтан бақылау жүргізіледі. Барлық жабдықтар заманауи технологияға ауыстырылды. Әлемнің әр нүктесінде болып, бұл обсерваториядан Қазақстанда не болып жатқанын көре аламыз. Қазақстан бүгінде - ғарыш қызметін дамытып отырған және обсерватория болуы маңызды елдердің бірі. Бұл жағынан біздің жолымыз болды. Орталық Азиядағы обсерватория мұндай жақсы жағдайда емес. Бізде меморандумдар жасалып, Ресей, Қытай, АҚШ, Жапониямен және әлемнің басқа елдерімен  қатынастар дамуда. Қазақстанда тауда мұндай керемет инфрақұрылымы, жоғары технологиясы бар бірде-бір нысан таппайсыздар», - деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, спикер 2012 жылы Бейжіңде Халықаралық астрономиялық одақ конгресі - съезі өткенін атап өтті, онда Қазақстанды ХАО ресми қабылдаған болатын. Бұл әлемдік деңгейде тануға жол ашты.

Обсерваторияның жарқын жетістіктерінің бірі бірінші болып зондты қондыра алған Чурюмов-Герасименко кометаларын ашу болып табылады.

Бұл обсерваторияны Қазғарыш, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК», БҒМ, Қорғанысмині, АШМ, ТЖК, ЖОО мен басқа да ведомстволар пайдаланатынын атап өткен жөн.

Хабарламаларға жазылу