Тоғыз айда жемқорлар мемлекетке 20,8 млрд теңге залал тигізген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоғыз айда жемқорлар мемлекетке 20,8 млрд теңге залал тигізген

26.10.2020
Тоғыз айда жемқорлар мемлекетке 20,8 млрд теңге залал тигізген

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қайшы қылмыстық істерден 20.8 млрд теңге залал келген. Өткен жылмен салыстырғанда, залал мөлшері 34.4% көп болып отыр, деп жазады ranking.kz. 

20,8 млрд теңгенің 68,8% немесе 14,3 млрд теңгесі жұмысқа немқұрайлы қараған адамдардың тигізген залалы. Тікелей пара алғандар 1.9 млрд теңге зиян тигізген. Бұл көрсеткіш тоғыз ай ішінде 46,2 есеге көбейген. 

«2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ел бойынша сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік мүддеге қарсы 1,7 қылмыс тіркелген. Осы істердің 1,1 мыңы пара алуға қатысты болды. Соның ішінде 603 адам пара алған, 500 адам пара берген, 46 адам парақорлар арасында делдалдық жасаған»,-деп жазады дереккөз.
жемқорлық статистика қылмыс пара

Хабарламаларға жазылу