Осы аптада Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық кеңес өтті

25.10.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы онлайн форматта өтті. Мемлекет басшысы мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленіп жатқанын айтты.   

«Азаматтарымыз жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың игілігін келешекте емес, қазірден бастап көріп, сезінуі керек. Халықаралық рейтингтер маңызды болғанымен, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалына оның айтарлықтай әсері жоқ екенін түсінген жөн», – деді Президент.

Сонымен қатар азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты біз аса мән беретін тақырыпты қозғады. Мысалы, ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін екі есе - 35 айлық есептік көрсеткіштен 70-ке дейін көбейткен жөн деп санайды. Бұл 150 мың теңге.

Ал кеңес мүшелерінің не айтқанына тоқталсақ, мысалы, әлеуметтік жаңғырту жөніндегі жұмыс тобы «5-10-20» ипотекалық бағдарламасы бойынша ескі тұрғын үйлерден баспана сатып алуға рұқсат беруді ұсынды. «7-20-25», «5-10-20» бағдарламалары бар. Өте жақсы болғанымен, олар бойынша тұрғын үй сатып алу оңай емес. Мысалы, ипотека тек жаңа тұрғын үйге беріледі, ал бастапқы тұрғын үйдің бағасы жоғары. 15 млн теңгеге бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады, ал бес баласы бар көпбалалы отбасыға 20 жылға бір бөлмелі пәтерді ипотекаға алу тиімді ме?», – деп атап өтті жұмыс тобының өкілі Ләззат Қожахмет. Сөйтіп «5-10-20» бағдарламасы бойынша ескі тұрғын үйге ипотека беруді ұсынды.

Ал кеңес мүшесі Айгүл Орынбек: Түркістан облысында халықтың үнін тыңдайтын, жергілікті жұрттың проблемаларын жақсы білетін қоғам белсенділерінің пікірі ескерілмейді деп, «Сенсеңіз, атқарушы орган айтылған проблемаларды жоюдың орнына, керісінше бұл мәселені көтерген азаматтарға қысым көрсетеді. Не болмаса сол мәселені көтерген өзіңмен алысып, актуалды мәселе жайында қалады», – дейді.

Ұлттық кеңесте қаралған мәселелердің кей тармақтарына Данияр Қайыртай тоқталады.


Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес

Хабарламаларға жазылу