Мемлекеттік органдар сайттарының қазақша нұсқасына басымдық бермейді - Асхат Садырбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік органдар сайттарының қазақша нұсқасына басымдық бермейді - Асхат Садырбай

22.10.2020
Мемлекеттік органдар сайттарының қазақша нұсқасына басымдық бермейді - Асхат Садырбай

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Асхат Садырбай интернеттегі мемлекеттік тілдің мәселесін көтерді.

«Мемлекеттік тілдің интернеттегі репрезентациясына назарымызды аударсақ. Кейбір мемлекеттік органдармен квазимемлекеттік компаниялар интернет сайттарының қазақша нұсқаларына басымдық бермейді. Тіпті әлеуметтік желідегі парақшаларында да қазақша жазуға келгенде құлықты емес екендігін көп байқап жүрміз. Тіпті, олардың домендік атауы да мемлекеттік тілде жазылмаған. Еліміздің әртүрлі ірі халықаралық және жергілікті компаниялардың интернет сайттарынан да әлеуметтік желідегі парақшаларынан да мемлекеттік тілге жеткілікті көңіл бөлінбейтінін аңғаруға болады», - дейді ол. 

Сонымен қатар, кеңес мүшесі интернеттегі тіл мәселесіне көңіл бөлініп,  соған қатысты талап қойылып, сайттар қазақ тілінде жұмыс істесе  оның қолдану аясы әлдеқайда кеңейетіндігін баса айтты.

сайт интернет мемлекеттік тіл асхат садырбай

Хабарламаларға жазылу