Шымкенттік компания ай сайын 50 мың дана қорғаныш киімін тігеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік компания ай сайын 50 мың дана қорғаныш киімін тігеді

22.10.2020

Шымкент қаласындағы «Эко-Фарм» компаниясы пандемияға байланысты медициналық арнайы қорғаныш киімдерін тігуді 40 есеге дейін көбейтті. Бүгінгі таңда кәсіпорын ай сайын 50 мың дана қорғаныш құралдарын шығаруда. Зауытта 120 адам үш ауысыммен жұмыс істейді. Олар жұқпалы аурулармен күрес кезінде бір және бірнеше рет киюге арналған арнайы киімдер тігуде. Мұнан бөлек, медициналық бетперде тігу желісі де тынымсыз жұмыс атқаруда. 

Сұраныстың артуына байланысты компания енді тағы бір өндірістік желіні іске қосуға әзірлік жасап жатыр. Оған қажетті қондырғылар мен құрал-жабдықтар сатып алынуда. Жаңа желі іске қосылған соң өндіріс қуаты қазіргіден тағы 2,5 есеге артады. Зауыттағы жұмысшылар саны мың адамға жетпек. Дайын өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да шығарылмақ. 

Дінмұхамед Бөбеш, компания директоры:
Бірыңғай дистрбитор «СК-Фармациямен» ұзақ мерзімге келісімшартымыз бар. Сол бойынша алдағы уақытта 12 түрлі қорғаныш киімдерін жеткізіп тұратын боламыз. 

Ғани Қалмахан

коронавирус Шымкент медициналық киім қорғаныш киімдері

Хабарламаларға жазылу