Сайлауалды дайындық шаралары мен ережелері бекітілді

21.10.2020

Орталық сайлау комиссиясы белгіленген өкілеттіліктерге сәйкес, сайлауалды дайындық шаралары мен өткізу ережелерін бекітті. Парламент Мәжілісінің депутаттығына елде соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан, 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады. Ал істі болған сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған адам үміткер бола алмайды. Саяси партиялық тізімдерді бекіту кезінде енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз проценті әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды қамтуы тиіс. Кандидаттарды ұсыну кезеңі келесі айдың 10-ы басталып, қарашаның соңында аяқталады.

Ал тіркеу жұмыстары 10-қарашадан 10-желтоқсанға дейін жалғасады. Сайлауалды үгіт жұмыстары тіркеу мерзімі аяқталғаннан соң басталып, науқан болатын бір күн бұрын тоқтатылады. Жалпы, саяси шараны ұйымдастыруға 10,8 млрд теңге қарастырылған. Қос науқанды біріктірудің нәтижесінде шығын әжептәуір үнемделеді, дейді Орталық сайлау комиссиясының өкілдері. 

Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы: 
-Біз екі сайлау науқанын біріктіру туралы шешім қабылдайық деп отырмыз. Экономикалық тұрғыдан осыны қолдаймын. Атаулы сайлау науқандары кезекті және конституциялық мерзімдерге сәйкес келеді. Олардың жоспарлы сипатын ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясы 2020-жылғы сайлауды өткізуге арналған шығыстардың болжамды сметасын Үкіметке ұсынды. 

Раушан Сайлауқызы


Сайлауалды дайындық Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауы-2021

Хабарламаларға жазылу