Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілерін бақылайтын жаңа жүйе іске қосылды

21.10.2020

Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілерін бақылайтын жаңа жүйе іске қосылады. Тиым салынған жерге тоқтап, жол белгілерін елемеген тізгіншілер енді 3 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалайды. 

Ресейлік «ДОЗОР-М» сертификатталған кешені құқық бұзған көліктерді камераға түсіріп, нөмірін тіркейді, нақты орны мен уақытын анықтайды. Базаға енгізілген соң көлік жүргізушісінің нөміріне SMS хабарлама жіберіледі. Айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда 50 пайыз жеңілдік жасалады.    

Бауыржан Тоғжұманов, Полиция департаменті әкімшілік полиция бақармасының аға инспекторы:
-Қазір 4 арнайы автокөлік бар. Болашақта полиция қызметкерлерінің көліктеріне де орнату қарастырылып жатыр. 


Нұр-Сұлтан ДОЗОР-М көлік жүргізушілері

Хабарламаларға жазылу