«Халық үні» жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халық үні» жобасы таныстырылды

16.10.2020

Азаматтар мемлекеттік тілде құқықтық ақпараттарға қол жеткізе алмай отыр. Ал халықтың 80 пайызы қазақтілді. Бірақ, соған қарамастан ана тілдегі кей мәліметтер жоқтың қасы. Салдарынан, жұртшылық түрлі әлеуметтік проблемаларға тап болуда. Енді бұл олқылықтар «Халық үні» жобасы арқылы жойылмақ. Құқықтық, қаржылық сауаттылықты арттыруға байланысты бірнеше бастама қолға алынып жатыр. 

Айман Омарова, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі: 
-Құқықтық сауаттылығын арттыруға барынша күш салуымыз керек. Бұл тұрғыда мақсат біреу - халықпен кедергісіз байланыс орнату және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенім арттыру. 

Асима Нұрбайқызы 


Хабарламаларға жазылу