Ресей Қазақстанға Ұлы Отан соғысына қатысты құжаттарды табыстады

16.10.2020

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу біздің елге тиесілі бірегей мұрағаттық материалдарды табыс етті. Ол елордаға Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтарға қатысты құнды құжаттарды ала келген. Ресей мұрағаттарынан барлық полктер мен бөлімше тізімдері, олардың қалай және қайда соғысқаны туралы материалдар алынды. «Мұнда Бас штаб басшылары мен сол кездегі Жоғарғы Бас қолбасшының және Ставка жетекшісінің шынайы құжаттары мен шешімдері берілген», – деді Ресей Қорғаныс министрі. Бұдан бөлек, 1941-1942 жылдардағы газеттің бастапқы шығарылымын жеткізді. Онда Мәскеу түбіндегі шайқастарда панфиловшылар туралы алғашқы мәліметтер жарияланған. 

Асима Нұрбайқызы


Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ұлы Отан соғысы

Хабарламаларға жазылу