ОҚО-дағы дауыл 77 миллион теңге шығын әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-дағы дауыл 77 миллион теңге шығын әкелді

16.06.2016
ОҚО-дағы дауыл 77 миллион теңге шығын әкелді

Оңтүстік Қазақстан облысында дүлей дауылдан келген шығынның мөлшері 77 миллион теңгеден асты. Бірақ, бұл қаржының көлемі әлі де ұлғаюы мүмкін. Өйткені, арнайы құрылған комиссия табиғат апатының зардаптарын әлі толық  анықтап біткен жоқ.

Отырар ауданы бойынша 650 тұрғын үй мен  20 әлеуметтік нысанның шатыры бүлінген.  Ал, Түркістан қаласындағы орта мектептің шатырының түгелге жуығын жел көтеріп әкеткен.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу