Коронавирустан қатты зардап төрттікке АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей кіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қатты зардап төрттікке АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей кіреді

15.10.2020

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетіп карантин күшейтіліп жатыр. Францияның тоғыз қаласында түнгі уақытқа коменданттық сағат жарияланды. Ал, Чех Республикасында мектептер мен барлар жабылып жатыр. Мұнда өткен тәулікте ковид инфекциясы 9 жарым мыңнан астам адамнан табылған. Бұл – Еуропадағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. 

Айта кетсек, өткен аптаның өзінде «Қарт құрлықта» 700 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылды. Мұндай науқастар әсіресе, Испанияда, Италияда, Ұлыбританияда, Германияда көбейіп келеді.

Степан Воточек, аурухана директоры:
-Біз науқастардың күрт көбеюіне дайындалып жатырмыз. Қазір жұқтырғандар саны осы инфекциямен ауруханада жатқандар қатарын арттырып, емдеу мекемелеріне салмақ түсірейін деп отыр.

Айта кетсек, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бүгінде 38 жарым миллионнан асып, 1,1 миллионға жуығы қайтыс болды. Ғаламдық пандемиядан ең қатты зардап төрттікке АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей кіреді.

Арыстан Рысбек


әлем коронавирус

Хабарламаларға жазылу