Аида Балаеваның қатысуымен «Қоғамдық бақылау» туралы заң тұжырымдамасы талқыланды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесіп, қоғамдық бақылауды заң жүзінде бекіту мәселелері бойынша ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер институтын квазимемлекеттік секторда құрып, жетілдіру жолдары айтылды. Бұған дейін Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы жүйелердің ауқымын кеңейтуді тапсырған. Жиналғандар қоғамдық бақылау функциясына ие ұйымдардың тізімін арттыру керектігін айтып, оның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың нақты жүйесін белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық күшті біріктірудің жолдарын қалыптастыру туралы ойларын айтты.
Борис Жапаров, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:-Мемлекеттік басқару органдарына, болмаса мәслихаттарға ықпал ету, ол деген көптеген мемлекеттердің бүгінгі күні қолданып отырған механизмдерінің бірі болып табылады. Қала халқының өмір-тұрмысына жақсы ықпал етеді деп ойлаймыз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09