Қарыз еңбегі заңмен реттелетін болды

14.10.2020

Жұмыспен қамту агенттіктері арқылы қызметке орналасқан азаматтардың құқығы заңмен қорғалады. Бүгін Мәжіліс қарыз еңбекті реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді қарыз еңбегі принципі бойынша жұмыс істейтіндердің мүдделері, жалақысы, қауіпсіздігі заң бойынша қадағаланады. Мәселен, келісімшартпен жұмыс істейтін қызметкердің жалақысы дәл сондай лауазымдағы компания маманынан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшының жазатайым оқиғалардан сақтандырылуы да компанияның мойнына жүктеледі.

Жалпы қарыз еңбегі принципі Қазақстанда 20 жыл бойы пайдаланылып келеді. Дегенмен әлі күнге дейін заң бойынша реттелмеген. Нәтижесінде жалдамалы қызметкерлердің құқықтары өрескел бұзылып жатыр. Ал жаңа құжатта жұмыс беруші, қызметкерді ұсынушы мен қарапайым жұмысшының барлық мүмкіндіктері мен міндеттері толық жазылған, - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оңғар Алпысбайұлы

Қарыз еңбегі

Хабарламаларға жазылу