Бауыржан Байбек Қостанайдағы жаңа модульді инфекциялық ауруханаға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек Қостанайдағы жаңа модульді инфекциялық ауруханаға барды

14.10.2020

«Nur Otan» партиясы тұңғыш рет әр өңір, қала мен аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Онда халықтың мыңдаған ұсыныстары ескерілген. Енді саяси ұйым мүшелері соның сапалы орындалуына күш салатын болады. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қостанайға барған сапарында айтты. 

Арқалықтарды жүзден аса мәселе алаңдатып отыр. Өмір сүру сапасын көтеруде бәрі өзекті. 13 елді мекенді сымсыз байланысқа қосу мен интернет жылдамдығын арттыру – басты талаптары. Тұрғындарды ескі автобустарды жаңалау, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру бойынша сұрақтар да толғандырады. Басқа да қордаланған проблемалардың оң шешілуі енді партияның назарында болады. 

Аймақта Торғай боксит кен басқармасы жабылғалы жатыр. Осы ретте қысқаратын 500-ге жуық адамның жұмыссыз қалмауы партиялық бақылауда болады. Сондай-ақ Арқалық жылу электр станциясы мазуттан көмірге ауысады. Демек қала жыл сайын жағуға кететін 2 млрд теңгені үнемдейді. Бауыржан Байбек аурухана ұжымымен де кездесті. 

Қостанай облысы халқының үштен бірі ауылда тұрады. Сайлауалды бағдарламасында осы бағытқа қолдау танытылмақ. 5 жылда өңірдегі егіс алқаптарын әртараптандыру, жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу және өңдеуші ауыл шаруашылық кәсіпорындарын іске қосу көзделген. Партия төрағасының орынбасары Қостанай қаласындағы жаңа модульді инфекциялық аурухананы аралап шықты. Медицина қызметкерлерінің екінші толқынға әзірлігін көріп, жабдықтардың қауқарымен танысты. 

Нысаналы Ығыл 


Хабарламаларға жазылу