Енді Қазақстанда кәрістердің тез пісетін кеспесін сатуға болмайды

14.10.2020
Енді Қазақстанда кәрістердің тез пісетін кеспесін сатуға болмайды

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов  Оңтүстік Кореяда шығатын кеспені Қазақстан аумағына әкелуге және сатуға тыйым салды. Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-Ып, Пенгтэк-Си, кенги-До атты компаниялардың ыстық суға ғана пісетін кеспелерінде соя көп болған соң, бас санитар дәрігер осындай шешім қабылдаған. 

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлардың сапасын мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет мамандары өнімді тексере келе,  «Оттоги Рамен Ко» өнімінде соя артық екенін анықтаған. (MON 89788 1,45% -дан 10,25% -ке дейін), Кеспедегі соя үлесі 0,9% аспауы керек, ал біз тексерген өнімде ол 1,45%-10,25% жеткен», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. 

Комитет мамандары базарларда сатылып жатқан өнімдерге мониторинг жасап, кәрістің кеспесін Алматы қаласындағы сауда нысандарының бірінен тапқан. Енді  тес пісетін кеспе саудадан алынады. 


импорт корейлік кеспе

Хабарламаларға жазылу