Қазақстанда төтенше жағдай қайта енгізіле ме - министр жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда төтенше жағдай қайта енгізіле ме - министр жауап берді

14.10.2020
Қазақстанда төтенше жағдай қайта енгізіле ме - министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Бәрі эдидахуалға байланысты. Егер жағдай қиындаса, енгізілуі мүмкін. Бірақ біз қызметтер мен халықтың жауапкершілігі арқасында елде тұрақтылықты сақтаймыз деген үміттеміз», - деді министр брифингте журналистер сұрағына жауап бере отырып.

«Егер тұрғындар маска тағу режимін сақтамаса, адам көп жиналған жерге баруды қоймаса, қатаң карантин шаралары қайта енуі мүмкін», - деп түйіндеді Цой.
коронавирус төтенше жағдай эдидахуал Алексей Цой ДСМ

Хабарламаларға жазылу