Экологиялық проблемалардың кесірінен Қазақстан 8 млрд доллар табыстан қағылып отыр

13.10.2020

Бұл 2030 жылға қарай 14 млрд долларға жетуі мүмкін. Экология министрінің айтуынша, жасыл экономикаға көшу әлдеқайда арзанырақ. Министр елде табиғи ресурстардың жағдайды нашарлап кеткенін айтты. Мәселен, ауылшаруашылығы жерлерінің тозығы жеткен.

10 млн гектар егіс алқабы қараусыз қалған. Ал 10 жылдан кейін 14 млрд текше метр су жетпеуі мүмкін. Су тапшылығынан 7 млрд доллар шығынға батамыз. Жерді тиімді пайдаланбағаннан қазір 4 млрд доллар табыстан қағылып отырмыз. Ал жасыл экономикаға көшуден ЖІӨ 3%-ке өсіп, 500 мыңнан аса жұмыс орны ашылады.  

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу