Мұнайдың болжамдық бағасын екі есеге дейін өсіру жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайдың болжамдық бағасын екі есеге дейін өсіру жоспарланып отыр

13.10.2020

Көктемде 20 доллармен бекітілген мұнайдың болжамдық бағасын елде екі есеге дейін өсіру жоспарланып отыр. Себебі мұнай нарығындағы жағдай дағдарысқа қарамастан қазір қалыпты. Қаңтар-қыркүйек аралығында қара алтынның орташа құны 42 долларға бағаланған болатын. Ал өндіріс 85 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр. Елде шығындар мұнай бағасына негізделіп есептелетінін ескерсек, бағаны 40 долларға дейін көтеру біраз пайда әкелмек.

Нарықта қара алтын құны көтерілсе, мұнай сервистік компаниялардың қызметі жалғасып, жұмыссыздар азаяды. Бұдан бөлек, елге мұнай нарығы ойыншыларынан түсетін салық та аз емес. Осыған орай Үкімет бюджетті түзетуді ұйғарды. Қазір Brent баррелі 42,17 долларға, ал WTI 39,46 долларға бағаланып отыр.  

Ақерке Бектас 


Мұнай

Хабарламаларға жазылу