Жерге таласқан кәсіпкер мен ауыл тұрғындары қару қолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерге таласқан кәсіпкер мен ауыл тұрғындары қару қолданды

13.10.2020

Қызылорда облысы Асқар Тоқмағамбетов ауылында кәсіпкер мен ауыл тұрғындары арасындағы жер дауы текетіреспен аяқталды. Қырмандағы қақтығыста оқ атылып, бір адамды қасақана көлік қағып кетті.   

Даудың басы 105 гектар күріштік алқапты бөлісе алмаған екі кәсіпкердің келіспеушілігінен шыққан. Еккен егінін ора алмаған шаруалар ашуға салып, ақыр соңы жанжалға ұласты. Ал кәсіпкердің бірі күзет агенттінің көмегіне жүгініп, егістікті бақылауға алған. Өзара текетірес кезінде осы күзет агенттігінің қызметкерлері аспанға оқ атып, ескерту жасаған. Күзетші басқаруындағы Джип автокөлігі бір тұрғынды қағып өткен. Енді даулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.   

Бауыржан Ибраев, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:  
-Осы дерек бойынша Сырдария аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық Кодексінің 252-бабы күзет өкілеттігін асыра пайдалану дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір қос тарап ымыраға келді. Егістік алқабында күріш ору жұмыстары қайта басталып, ауыл тұрғындары өз үлесін алатын болды. 

Әділбек Серікұлы

Қызылорда облысы жер дауы

Хабарламаларға жазылу