Отбасына зорлық-зомбылық көрсеткендердің 82% - жұмыссыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасына зорлық-зомбылық көрсеткендердің 82% - жұмыссыздар

13.10.2020

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендердің 82 пайызы жұмыссыздар. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, олардың жартысынан көбі ішімдік ішкен соң осындай әрекетке барады.

Карантин кезінде зәбір көрсеткендер саны өскен. Мәселен, өткен жылы 1052 шағым түссе, биыл тоғыз айда 761 адам зардап шегіп, көрсеткіш 0,4 пайыз өскен. Ал зәбір көргендердің 54 пайызы әйелдер, 6 пайызы балалар. Отбасы мүшесіне қол жұмсаған 19000-дай азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жуырда түркістандық тұрғынның баласын аяусыз ұрғаны туралы бейнежазба тараған еді. Бұған қатысты күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.  

Раушан Сайлауқызы

зорлық-зомбылық жұмыссыздық Ішкі істер министрлігі статистика

Хабарламаларға жазылу