Министрлік құс тұмауының таралуы қашан тоқтайтынын болжады

13.10.2020

Елде құс тұмауының өршуі шамамен 10 есеге төмендеді. Алдыңғы апталарда күніне 300-ге тарта құс тіркелсе, соңғы тәулікте тек Солтүстік Қазақстанда 22 құстың өлгені анықталды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы үрдіс сақталса, құс тұмауы бір айда тоқтайды деп болжап отыр. Тегін вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресейде жағдай әлі тұрақталмаған. Челябі, Омбы өңірлерінен құс етін әкелуге тыйым салынып отыр. «Ал елде құс еті мен жұмыртқа бағасының қымбаттауы - кәсіпкерлердің шығынына байланысты есептелетін маусымдық шара», - дейді министрлік өкілдері. 

Тұрсын Қабдолданов, ҚР Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Кез келген құжатта көрсетіледі. Арнайы тексеруден өтеді. Құжатта өнімнің қолайлы екендігі, ауырмағандығы олардың тексерілгені туралы мәлімет тұрады. Сатуға келген кезде зерттеу зертханалары бар. Сондықтан да одан қауіп жоқ. 

Раушан Сайлауқызы

құс тұмауы Ауыл шаруашылығы министрлігі өтемақы вакцинация

Хабарламаларға жазылу