2020 жылы елдегі ЖІӨ өсімі минус 2,1% болуы ықтимал - Дәленов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы елдегі ЖІӨ өсімі минус 2,1% болуы ықтимал - Дәленов

13.10.2020
2020 жылы елдегі ЖІӨ  өсімі минус  2,1% болуы ықтимал - Дәленов

Қазақстан 2020 жылды жалпы ішкі өнімнің минус 2,1% өсімімен аяқтайды деген болжам бар. 

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерімен таныстыра отырып, осындай болжамын айтты. Дегенмен, Дәленов атап өткендей, қыркүйек айында экономика жаққа өзгере бастаған. 

«Қызметтер саласында жұмыс қайта белсенді бола бастады. Нақты секторда өсім бар. Қыркүйекте өсу деңгейін көрсеткен салалар саны артып, экономика жандана бастады. Нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 8 айдағы минус 3 пайыздан 9 айда минус 2,8 пайызға дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7,0 пайыз деңгейінде сақталды», - деді ол.

«Экономиканың секторларындағы қазіргі тенденцияларды тексерсек, 2020 жылы ЖІӨ өсімі минус 2,1% , ал, мұнай бағасы бареліне 20 доллардан 40 долларға дейін қымбаттайды деген болжам бар. Теңгеге шаққанда, жалпы ішкі өнім 69,8 трлн теңге болады, бұл алдыңғы нақтылаудан (бюджетті) қарағанда 102 млрд теңгеге көп», - деді Руслан Дәленов. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, инфляция 8% болады.


Үкімет отырысы Ұлттық экономика министрлігі экспорт импорт статистика

Хабарламаларға жазылу