Мәжілісте жаңа Экологиялық кодекс талқыланды

12.10.2020

Ластаушы төлейді және түзетеді. Жаңа Экологиялық кодекс осы қағидат бойынша әзірленіп жатыр. Кодекс қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс. Құжатты талқылау барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. Жалпы, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, жаңа экологиялық кодекстің 7 негізгі бағытын іске асыру ауаны тазартуға және қалдықтарды қайта өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Ірі отандық кәсіпорындардың басшылары, эколог-сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері қатысқан талқылау барысында Үкімет ұсынған жобаға біраз түзетулер де енгізілді.

Оңғар Алпысбайұлы

Мәжіліс жаңа экологиялық кодекс

Хабарламаларға жазылу