Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

12.10.2020

Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың бәрі бір ұшақта болмаған. Рейстері мен уақыттары әртүрлі. Жалпы, 2,5 мыңнан астам адамға тест жасалып, нәтижесінде Алматыға келген 3 жолаушыдан, Нұр-Сұлтанда біреу, Шымкентте екі адамнан вирус анықталды. 

Инфекцияның таралуын болдырмау үшін ПТР сынағы жоқ әуе рейстерінің жолаушылары карантинге алынып жатыр. Сондай-ақ, ПТР сынағының қорытындысы жоқ шетелдіктер Қазақстан аумағына жіберілмейді. 

6 қазаннан бері осындай 17 адам кері қайтарылды. Олар Ресей, Беларусь, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия және Өзбекстан азаматтары.

Асима Нұрбайқызы

коронавирус ПТР тест

Хабарламаларға жазылу