Пандемия кезінде концерт пен театр залдары 968 млн теңге шығынға ұшыраған

12.10.2020
Пандемия кезінде концерт пен  театр залдары 968 млн теңге шығынға ұшыраған

Статистика комитетінің мәліметіне сүйенген Finprom порталы 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында шығарма, өнер және көңіл көтеру саласының шығыны туралы мәлімет ұсынып отыр. 

Жалпы, статистикаға қарасақ, сала айтарлықтай бір үлкен шығынға ұшырамаған. Себебі, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында осы саланың адамдары  25 млрд теңгеге қызмет көрсетсе, 2020 жылдың қаңтар-маусымында 21 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Яғни, пандемия салдарынан өнер мен театр, концерт салалары 4 млрд теңге шығынға ұшыраған. 

Жекелеп айтсақ, Қазақстан бойынша үш өңірде ғана шығарма, өнер және көңіл көтеру саласындағы қызметтердің көлемі қысқарған: Нұр-Сұлтанда осы саладағы қызмет көлемі 43%, Алматы қаласында 31%, Атырау облысында 32% қысқарған. Бірақ, пандемияға қарамастан, биыл қаңтар-маусымда осы саладағы рекордты көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - қызметтер құны 5 млрд теңге. Алматының өнеріндегі қызметтер  4,2  теңгені құраса, Қарағанды облысының өнер, шығарма және театр саласындағы қызмеи 2 млрд теңгеге жеткен. 



театр пандемия кинотеатр статистика

Хабарламаларға жазылу