БҰҰ азық-түлік бағдарламасы Нобель алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ азық-түлік бағдарламасы Нобель алды

09.10.2020

Нобельдің бейбітшілік сыйлығының биылғы жеңімпазы анықталды. Оны осы жолы Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлемдік азық-түлік бағдарламасы иеленіп отыр. Өйткені, ол жер шарында аштықпен күресіп, жанжал жүріп жатқан аймақтарда бейбітшілік үшін жағдайды жақсартуға үлес қосқан.  

Әлемдік азық-түлік бағдарламасы жыл сайын дүниенің 88 елінде 97 миллиондай адамға жәрдемдеседі. Нобель жүлдесінің құны 1,1 миллион доллар. Ол лауреаттарға желтоқсанның 10-да Норвегия астанасы Ослода табысталады.

Арыстан Рысбек


Нобель БҰҰ азық-түлік бағдарламасы Осло

Хабарламаларға жазылу