Әркім тазалық сақтаса, карантин ұзақ болмайды - дәрігер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әркім тазалық сақтаса, карантин ұзақ болмайды - дәрігер

09.10.2020

Карантин талаптары сақталса, эпид маусым ұзаққа созылмайды. Осылай деген дәрігерлер қазақстандықтарды тазалыққа шақырды. Әр адам ара қашықтықты сақтап, бетперде тағып, вирустың таралуын тоқтатуға атсалысуы керек дейді, дәрігерлер.

Талғат Нұрғожин, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры:
Респираторлық гигиена ережелерін сақтап жүру - негізгі мәселе. Қараша, желтоқсан айларында пандемия өршуі мүмкін деген болжам бар. 
Ахметжан Сүгірәлиев, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі:
Егер әр адам карантин талаптарын сақтаса, коронавирустың екінші толқынының мерзімі ұзақ болмайды. Ең бастысы қарапайым қағидаларды естен шығармаған жөн. Сондықтан көпшілікті босаңсымауға шақырамын. 

Нұрхан Нұрланұлы

коронавирус екінші толқын карантин дәрігер кеңесі

Хабарламаларға жазылу