Шымкенттіктер бір тоқсанда туысы мен танысына 202 теңге көмек береді – Статистика - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттіктер бір тоқсанда туысы мен танысына 202 теңге көмек береді – Статистика

09.10.2020
Шымкенттіктер бір тоқсанда туысы мен танысына 202 теңге көмек береді – Статистика

Статистика комитеті Қазақстан халқының 2020 жылдың І және ІІ тоқсанындағы ақшалай шығыстары туралы мәлімет ұсынды.   

Статистикада жалпы ақшалай шығыстар, тұрмысқа кететін ақшалай шығын, азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларына жұмсалатын ақша, ақылы қызметтерге кететін шығын мен қазақстандықтар бір тоқсан ішінде туысы мен танысына, соның ішінде алиментке неше теңге бөлетіні айтылған.


Мәселен, 2020 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстан Республикасындағы бір адам орташа есеппен 187 мың теңге шығын шығарған. Соның ішінде, азық-түлікке 102 мың теңге, азық-түлік емес тауарларына 40 мың теңге, ақылы қызметтерге 30 мың теңге, туыстары мен таныстарына, алиментке 3483 теңге, салыққа 140 теңге, несиеге 10 769 теңге кеткен.

Қалалардың статистикасы бойынша, үш ірі қала ішінде (Нұр-Сұлан, Алматы, Шымкент) жан басына шаққанда барлық қажеттілігі үшін ең көп ақша жұмсайтын алматылықтар болып шықты – айына 234 мың теңге. Облыстағы қалалардың көрсеткіші бойынша 221 мың теңгемен ШҚО тұрғындары бірінші орында тұр.

Осы статистикаға сай, туысы мен танысына бір тоқсанда ең көп ақшалай көмек беріп, алимент төлейтін қала – Нұр-Сұлтан, аймақтар арасында – Солтүстік Қазақстан облысы. Елорда бойынша жан басына шаққанда бір адам туысы мен танысына, алиментке бір тоқсан ішінде 3690 теңге шығындайды. СҚО-дағы ең жоғарғы көрсеткіш 8703 теңгеге тең.

Ал, жан басына шаққанда бір тоқсанда туысына ең аз көмек көрсететін қала – Шымкент, аймақ арасында – Маңғыстау. Яғни, 2020 жылдың екінші тоқсанында шымкенттіктер тамыр-танысына ақшалай көмектесіп, алиментін төлеу үшін 202 теңге шығындаған, Маңғыстау облысының тұрғындары бұл мақсаттарға 678 теңге жұмсап отыр.


«Бұл жарияланымда 2020 жылдың ІІ тоқсанында 11 849 үй шаруашылығына жасалған зерттеудің нәтижелері бойынша деректер бар. Бұл жерде үй шаруашылығы дегеніміз – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкінтолықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесе тұтынатын бір немесе одан да көп ижеке тұлғалардан құралған экономикалық субьект», - деп жазылған статкомның мәліметінде.

Статистика агенттігі туыстары мен таныстарына берген материалдық көмекті «туыстары мен таныстардан өтеусіз алынған сома, сондай-ақ, ақшалай мәндегі заттай түсімдер» деп сипаттап берген.


Шымкент ақша тұрмыс алимент

Хабарламаларға жазылу