COVID-2019:Петропавл маңындағы бір қала түгел карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-2019:Петропавл маңындағы бір қала түгел карантинге жабылды

09.10.2020
COVID-2019:Петропавл маңындағы бір қала  түгел карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның бас мемлекеттік санитар дәрігері  Булаев қаласын қатаң карантинге жапты. Қаулы бүгін, тоғызыншы қазан күні түнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.  

Аймақтық басылымның хабарлауынша, қаулы аймақта коррнавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қабылданған. Сондықтан, Булаев қаласы, Жұмабаев атындағы аудан мен Петропавл қаласының арасындағы жолаушылар тасымалы түгел тоқтайды, тіршілікке қажетті тауар тасымалдайтын көліктерден басқа, барлық көлік түрінің кіріп-шығуына болмайды.

«Көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің қонаққа келуіне болмайды. Кәмелет жасына толмағандар кешкі сағат 19.00-ден кейін жалғыз жүре алмайды, ал, 65 жастан асқан адамдардар мүлде далаға шықпасын», - деп жазған аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігер өз қаулысына.   

Сондай-ақ, қала тұрғындары кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-де дейін үйінен шықпауы тиіс. Осы аралықта тек жұмысқа, ауруханаға, дүкен мен дәріханаға бару үшін және қоқыс тастау үшін далаға шығуға болады.

Мемлекеттік органдардан басқа, ірілі-ұсақты кәсіпорындардың жұмысына да шектеу қойылады. 


коронавирус Covid-2019 қаулы карантин Петропавл Булаев

Хабарламаларға жазылу