Еуропа елдерінде инфекцияның таралу қарқыны өршіп тұр
Испанияда жалпы науқастар саны 835 мыңнан асып, 32 мыңдайы қайтыс болды. Бұған дейін эпид ахуалдың нашарлауына байланысты Мадрид қаласы оқшаулау режиміне көшкен еді. Алайда бүгін Жоғарғы сот бұл шешімді заңсыз деп тапты.
Ал Италияның медициналық орталықтарынада ұзын-сонар кезек. Ел үкіметі Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия мен Чехиядан келгендерді коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеді. Науқастар саны күрт көбейген соң, билік ашық ауада да маска тағып жүру туралы үкім шығарды.
Ресей астанасы Мәскеуде де талаптар күшейтіліп жатыр. Ертеңнен бастап оқушылар мен зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері шектеледі. Өткен тәулікте 11 мыңнан астам адам Covid-пен тіркелген. 191 науқас қайтыс болды.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде «Жасыл ел» мүшелері балалармен кездесті
14.07.2026, 17:39
«QAZAQSTAN», «Qazsport» – 23:50: Франция мен Испания
14.07.2026, 17:38
Мәскеуде домбыра үйірмелері де көбейіп келеді
14.07.2026, 17:37
Алтын Орда ескерткіштері өткеннің өркениетін көрсетеді
14.07.2026, 17:36
7 мыңдай қыз-келіншек әскери қызметте
14.07.2026, 17:35
Ел жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 17:33
Қазақстандықтар Индонезияға визасыз барады
14.07.2026, 17:31
Конституция – әділетті қоғам негізі
14.07.2026, 17:29