Қарағандыда пәтер өртеніп, үш адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда пәтер өртеніп, үш адам қаза тапты

07.10.2020

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің тоғызыншы қабатында шыққан өрттен тұрғындар өміріне аса қатты қауіп төнген. Төтенше жағдай қызметкерлері подъезден 15 адамды құтқарды. Оның 6-ы балалар. Ал жанған пәтерден үш адамның денесі табылды. Олар 1942 және 1985 жылғы әйел адамдар мен бір жасқа толмаған нәресте. 

Нұрлан Бекбосынов, Қалалық ТЖБ басқармасының басшысы:
-Өрттің тоғызыншы қабаттан шығуы қиындық туғызды. Жалын жоғары қарай өршігендіктен төмендегі көршілер сезбей қалған. Хабар кеш түсті. Кей адамдарды құтқару қалпақтарының көмегімен алып шығуға тура келді. Сағат 16:30-дар кезінде өрт толық сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр. 

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, газға уланып қалған бір адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына он техника мен 45 маман дер кезінде жетті. Барлығы 85 адам құтқарылды. Оның жиырма бесі бала. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, тоғыз қабатты үйдің жетінші қабатындағы балкон жанған. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Қарағанды өрт

Хабарламаларға жазылу