Мемлекет басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

07.10.2020

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев қос ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді. Әңгімелесу барысында пандемиямен күрестегі іс-қимылдарды үйлестірудің маңызды екені сөз болды.Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі әскери қақтығыстарға қатысты ахуал мен Қырғызстандағы оқиға жөнінде пікір алмасты.

Президенттер бауырлас елдердегі қоғамдық-саяси жағдай тезірек тұрақталатынына үміттенеді. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Шавкат Мирзиёев де телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін және коронавирус індетінің салдарын тезірек еңсеру мақсатында екі ел үкіметтерінің арасындағы тәжірибе алмасуды ерекше атап өтті. Әрі тауар айналымын арттыруға, бизнес пен аймақтық деңгейдегі іс-қимылдарды кеңейтуге, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілетуге баса мән берілді.  

Шерхан Жамбылұлы

Мемлекет басшысы Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаев

Хабарламаларға жазылу