Тоқаев Үкіметке қазанның соңына дейін орындайтын жаңа тапсырма берді

07.10.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі экономикалық жағдай мен қаржы нарығындағы тұрақтылық мәселесіне тоқтала келе, Үкімет пен Ұлттық банкке жаңа тапсырма берді. Екі тарап осы міндетті қазанның соңына дейін орындауы тиіс. 

«Басқа мемлекеттер сияқты, Қазақстан да бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан кешіріп отыр. Дегенмен, бір қарағанда, елдегі экономика қатты құлдырап кеткен жоқ. Үкіметтің жақсы жұмыс істегенін айтпасқа болмайды. Үкімет бизнесті ынталандыру үшін тиісті қадамдар жасады, халықтың кедей тобына көмек көрсетті. Жуықта ғана Дүниежүзілік банк елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері оң қарқында дамып жатыр деп, жоғары баға берді. Бірақ, бүкіл әлемге келе жатқан корнавирустың екінші толқыны жаңа міндеттерге бет бұрғызып отыр. Үкімет келесі жылы да дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыру үшін тиісті ресурс пен шаралар топтамасын дайындап қоюы керек. Мен тапсырған соң, әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап кетсе және коронавирус инфекциясының жаңа толқыны болған жағдайда жасайтын әрекетеміздің кешенді жоспары әзірленді», - деді Тоқаев коронавирус инфекциясының екінші толқынына қарсы іс-шаралар жөнінде.

Алайда, Тоқаев атап өткендей, қазіргі қауіп-қатерлер, атап айтсақ, «Ресейге төнген санкциялар, Кавказдың артында және көршілес елдердегі ушыққан жағдай, өзге де сыртқы факторлар біздің дағдарысқа қарсы шараларымыз бен болжамдарымызға ойға қонымды өзгеріс енгізуді талап етеді». «Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банк жоспарды өзектендіріп, қазан айының соңына дейін президент әкімшілігінің қарауына енгізсін», - деді Тоқаев.


Тоқаев Үкімет Дағдарыс Ұлттық банк

Хабарламаларға жазылу