Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады

06.10.2020

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады. Әкім 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілген. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.

Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды. 

Амангелді Сейітхан 

қабылдау президент Шымкент қаласы Мұрат Әйтенов

Хабарламаларға жазылу