Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады. Әкім 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілген. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.
Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әзербайжан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымына қосылды
01.07.2026, 20:53
Норвегия командасы келесі кезеңге өтті
01.07.2026, 20:30
Жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады
01.07.2026, 20:23
Еуропалық сарапшылар халықтық Конституцияны жоғары бағалады
01.07.2026, 20:21
Әлем жаңалықтарына шолу
01.07.2026, 20:20
Электросамокатты пайдалану ережесі өзгерді
01.07.2026, 20:19
Оқу бағдарламасына жаңа пәндер енеді
01.07.2026, 20:18
Халықтық Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі
01.07.2026, 20:15